Оппозициялық партия ретінде позиция ұстанушы Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы президент сайлауына қатысуға қатысты шешімді жақын күндері қабылдайды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Қазір партия сайлауға қатысады, өзінің кандидатын ұсынады деп айту ерте. Ол тек отырыс өткеннен кейін ғана белгілі болады",– деді партияның саяси кеңес төралқа төрағасы Асхат Рақымжанов
"Алдағы бір-екі күнде президиум немесе саясикеңесті өткіземіз деп ойлаймын. Бұл партия стратегиясы, аталған сайлау үрдісінде партияның қатысуы туралы ұзақ талқылауды қажет етеді. Егер партия қатысатын болса, онда кандидатураны талқылау керек. Барлығы содан кейін белгілі болады. Алдағы 2-3 күнде біршама белгілі болады", – деді ол.
Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусым күні кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы мәлімдеді.