"Жамалған" желі жарылып жатыр

Павлодардағы апаттық жағдай жойылар емес. 

 "Жамалған" желі жарылып жатыр Фото: Pavlodarnews.kz

Кеше кешкі уақытта облыс орталығындағы екінші Павлодар шағын ауданындағы жылу құбыры жарылып, бірнеше тұрғын үй жылусыз қалған еді. Бұл мәселе әлі толығымен шешіле қойған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Мүткенов, 49 көшесінің бойындағы диаметрі 100 мм болатын құбырдан шыққан ақаудың салдарынан екі көпқабатты және төрт жекеменшік үй жылудан ажыратылды. Бұл ақауды жөндеу жұмыстары түнгі үш шамасында жойылғанымен, құбырды қайта іске қосу кезінде тағы да жарылды. Сөйтіп, солтүстікте соңғы күндері сақылдап тұрған сары аязда жүздеген отбасы пәтерлерінде дірдектеп отыруға мәжбүр. 

Құбырдың жарылған екінші учаскесін жоспарлы мерзімнен үш сағатқа ерте жойып, жылуды қайта қосқанын қайтейік, дәл сол желіден тағы да ақау шықты. Сондықтан жылу қосатын мүмкіндік жоқ. 

"Павлодаэнерго" АҚ мәліметінше, апаттық бригадалар үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Алайда жағдайдың нақты қай уақытта реттелетіні әзірше белгісіз. Жергілікті билік мәселенің бақылауда екенін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу