Қазақстан атынан қызмет етуші Жамболат Сәрсенов Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (ВНС, World Petroleum Council) маркетинг жөніндегі вице-президенті және атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды. Осыған дейін бұл қызметті төраға Petrochina Чжоу Цзипин (Zhou Jiping) атқарған болатын. Бұл шешім 2017 жылғы 9-17 шілде аралығында Стамбул қаласында (Түркия Республикасы) өтіп жатқан 22-ші Дүниежүзілік мұнай конгресі (World Petroleum Congress) шеңберінде қабылданды.
Жамболат Сәрсеновті ДМК маркетинг жөніндегі вице-президенті және атқарушы комитетінің мүшесі қызметіне Тимур Құлыбаев басқаратын ДМК Қазақстан ұлттық комитеті ұсынып, Кеңес мүшелері бірауыздан шешім қабылдады.
Өзінің жаңа қызметінде Жамболат Сәрсенов барлық қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру және ұлттық және халықаралық мұнай компанияларын әрі қарай тиімді дамыту мақсатында Кеңестің оң беделін күшейту және алға бастыру сияқты маңызды бағыттар бойынша ДМК мүше елдердің жұмыстарын үйлестіретін болады. Оған қоса ДМК жаңа Вице-президенті Батыс пен Шығыс мемлекеттердің, әсіресе ағылшын тілінде сөйлемейтін елдердің мұнайға байланысты мүдделері мен тәжірибелерін біріктіруге қатысты мәселелерге жетекшілік ететін болады, атап айтқанда осы едерге өнімді диалог алаңын қалыптастыру басты міндеттердің бірі болмақ. ДМК шеңберінде талантты мамандар мен тәжірибелі кәсіпқой мамандардың дағдылары мен құзыретін біріктіру және үйлестіру де Сәрсеновтың басқаруында болады.
Қазақстанның энергетикалық саласының ағымдағы және перспективті дамуының жай-күйі туралы кешенді түсінік қалыптастыру мақсатында Қауымдастық Ұлттық энергетикалық баяндама әзірледі, онда Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика саласының біртұтас жүйе ретінде тұрақты дамуына КAZENERGY қауымдастығының стратегиялық көзқарасы бейнеленген. Қазақстан ДМК-ге Кеңес шеңберіндегі нарықтың дамуы және болжамдары туралы осыған ұқсас есептер дайындап беруге ұсыныс жасағалы отыр.
Осылайша Жамболат Сәрсеновтың ДМК-дегі жоғары лауазымды қызметке тағайындалуы Қазақстан атынан KAZENERGY қауымдастығының дүниежүзілік мұнай нарығында оң беделі мен ұстанымын нығайтуда жасалған кезекті бір қадамы болып табылады және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, сонымен қатар Кеңес мүшелерінің барлық елдері арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін береді.