"Жамбы ату": Елордада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған тағы бір мурал пайда болды

154

Муралдың биіктігі – 4 метр. 

"Жамбы ату": Елордада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған тағы бір мурал пайда болды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Триатлон саябағындағы көпір маңын жаңадан салынған тағы бір жаңа мурал безендірді. Ол 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында өтетін Дүниежүзілік өшпенділер ойындарына арналған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Муралдың биіктігі – 4 метр. Онда турнир кезінде жамбы атайын деп нысананы көздеп тұрған ер адам бейнеленген. Бұл сурет ұлттық ойындардың басталғанының, абырой мен даңқтың, көшпенділердің күші мен дәлдігінің символы.

"Жамбы ату" ұлттық спорт түрі, онда атпен шауып бара жатқан адам белгілі бір қашықтықта садақпен нысананы көздейді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бұл этникалық спорт түрлеріне арналған халықаралық спорттық жарыстар. Оларға мәдени мұра мен көшпелі өмір рухынан сыр шертетін Орталық Азияның көшпелі этностарының халықтық ойындары кіреді.

Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2500-ден астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

Астанада өтетін Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу