Жамбыл, Атырау облысы тұрғындарын қымбатшылық қысып тұр

884

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 3,2%-ға өскенін жариялады. 

Жамбыл, Атырау облысы тұрғындарын қымбатшылық қысып тұр

Бұл туралы үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі. 

"Соңғы үш аптада өсім 0,2%-ды құрады", – деді Бақыт Сұлтанов.

Оның сөзінше, 11 наурызда өткен үкімет отырысында 45 іс-шарадан тұратын бағаны тұрақтандырудың жол картасы қабылданды. 

"Кейбір өңірлерде әлі күнге дейін жоғары өсім байқалады. 6 сәуірдегі жағдай бойынша ең жоғарғы баға өсімі Жамбыл облысында (4,2%) және Атырау облысында (3,8%) орын алды. Ең аз 2,9% өсім Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелді", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу