Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында орын алған ана өлімі фактісіне байланысты жоспардан тыс тексеру бастағанын мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, тексеруді Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бақылау шараларына босану кезінде тіркелген қайғылы жағдай негіз болған.
Тексеру барысында медициналық көмектің барлық кезеңдерінде қызмет көрсеткен медицина персоналының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Бақылау іс-шаралары аяқталған соң, жинақталған материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданады.
Министрлік пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық этика талаптарын сақтауға қатысты қағидаттарға берік екенін атап өтті. Тексеру қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жұртшылыққа жарияланатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу