Жамбыл облысы 2020 жылы құны 891 млн теңге болатын сұйытылған газ өндіруді жоспарлап отыр

940

Жоба 2018 жылдың басында іске асырыла бастады. 

Жамбыл облысы 2020 жылы құны 891 млн теңге болатын сұйытылған газ өндіруді  жоспарлап отыр

"TARAZLNG" ЖШС 2020 жылы Жамбыл облысында сұйытылған газ өндіруді жоспарлап отыр, деп облыстық  кәсіпкерлік және өнеркәсіптік  басқармаға сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" хабарлайды.     

Сұйытылған табиғи газ өндіруге қатысты жобаның құны 891 млн теңге. Өндірістің жобалық қуаты - жылына 18 мың тонна сұйытылған табиғи газ. Жоба 2018 жылдың басында іске асырыла бастады, пайдалануға беру мерзімі - 2020 жыл.          

"TARAZLNG" ЖШС- Жамбыл облысында тіркелген компания. Негізгі жұмысы- сұйытылған табиғи газ өндіру.   

Осының алдында  хабарланғандай,  "Жамбыл Газ Өнiмдерi" ЖШС да жылына қуаты 70 мың тонна болатын сұйытылған табиғи газ өндіретін зауытты пайдалануға беру жоспарлап отыр.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу