Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Календеров Нұржан тағайындалды

1009

Қазақстан Респубилкасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Календеров Нұржан Сәбитұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Календеров Нұржан тағайындалды

Календеров Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы туған.

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы "Арнабол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған.

Әр жылдары Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Тараз қалалық бөлімшесінде аға маман, Жамбыл облыстық бөлімшесінде бас маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, облыс әкімдігінің қаржы басқармасында бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы болып еңбек еткен.

Сондай-ақ 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданының әкімі, 2013 жылдың маусым-желтоқсан аралығы Қордай ауданының әкімі, 2013-2017 жылдары Тараз қаласының әкімі, 2017-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, 2019-2020 жылдары облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдың маусымынан бастап Шу ауданының әкімі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу