Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

920

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ибрайханов Ерболат Мақсұтханұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бұл туралы өңір әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

Ерболат Ибрайханов 1981 жылы туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "қаржы және несие", Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін "құқықтану", Nottingham университетін (Ұлыбритания мемлекеті) "мемлекеттік басқару", ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік басқару" мамандықтары бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 2003 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптама орталығында бас экономист болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру департаментінің жетекші маманы, ҚР Индустрия және  сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің бас маманы, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, тергеу департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011-2012 жылдары Қостанай және Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекцияларының бастығы, 2012-2014 жылдары Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының бастығы, 2016-2017 жылдары Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымдарында еңбек еткен.

2019 жылғы қазаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарып келді.

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов өзінің жаңа орынбасарын облыс активіне таныстырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын нәтижелі жүзеге асыру, облысты дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеп, жұмысына сәттілік тіледі.

Ерболат Ибрайханов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, цифрлық технологиялар салалары бойынша жетекшілік ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу