Жамбыл облысы: "Асарлатып үй салу" аясында 99 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылды

746

Биыл өңірді дамытуға демеушілер есебінен 26 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жамбыл облысы: "Асарлатып үй салу" аясында 99 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылды

"Игі қазақы дәстүрді жаңғыртқан "Асарлатып үй салуы" жобасы жамбылдықтардың айрықша қолдауына ие болды. Аталған жоба аясында өткен жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 99 тұрғын үй салынған болатын. Биыл тағы 134 үйдің құрылысы басталған, бүгінге дейін 14 отбасы баспаналы болды. Осылайша, жоба асясында облыста жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 233 үй бой көтеретін болады", – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, биыл өңірде бастау алған "Таразға тарту" жобасы аясында облыс орталығында 42 нысанда абаттандыру және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олардың қатарында тұрғын үйлер мен балаларға арналған ойын және спорт алаңдары, 21 саябақ пен сквер бар.

Бұдан бөлек, қолға алынған "Жомарт түлек" жобасы бойынша табысты түлектердің демеушілігімен 3 STEAM зертханасы ашылып, 3 спорт кешені салынған. Тағы осындай 4 кешен мен 6 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда. Түлектер 73 елді мекенде жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеге түрлі жобаларды жүзеге асыруда.

"Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 19 млрд теңгеге 71 жоба іске асырылмақ. Жалпы, биылғы жылы өңірді дамытуға бюджеттен тыс 26 млрд теңге қаражат бағытталады деп көзделуде", – деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу