Жамбыл облысы Астанада өтетін жәрмеңкеге 300 тоннадан астам өнім әкеледі

1268

Жамбыл облысы Астанада өтетін жәрмеңкеге 300 тоннадан астам өнім әкеледі

24-25 қыркүйек күндері Астанада өтетін Жамбыл облысының жәрмеңкесіне 15-тен астам жүк көлігімен 300 тоннадан астам ауылшаруашылығы өнімдері жеткізіледі. Бұл туралы ақпаратты Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі таратты.

Жамбылдық тауар өндірушілердің қатысуымен өтетін жәрмеңкеге жалпы құны   237,5 млн. теңгенің 30-дан астам өнім түрі қойылады. Оның ішінде 10 тонна жылқы, 1,4 тонна тауық еті, 5 тонна шұжық, 10 тонна сүт өнімдері, 11 мың дана жұмыртқа, 1,5 тонна кондитерлік және 6 тонна макарон өнімдері бар. Сондай-ақ астаналықтарға 10 тонна қант, 0,5 тонна тұз, 5 тонна балық, 2,2 тонна бал, 4,2 тонна қымыз бен шұбат және 245,3 тонна жеміс-жидек пен көкөністер ұсынылады.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласындағы "Тарихы терең Тараздан тағзым" атты Жамбыл облысының күндері аясында ұйымдастырылғалы отыр.

Zhambylnews 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу