QazAvtoJol компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары пара алу күдігімен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлайтынын мәлім етті.
Сондай-ақ, кейбір БАҚ өкілдерінің жазуынша, директордың орынбасары Дәурен Төлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу