Жамбыл облысында температураның күрт төмендеуіне байланысты жергілікті билік мектептерде сабақ тоқтатылатын аудандар санын көбейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Ертең, 29 қаңтарда Тараз, Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарындағы мектептердің оқушылары үшін бірінші сыныптан 11 сыныпқа дейін сабақ тоқтатылады,- деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Рахия Турмаханбетова. - Басқа қалған барлық аудандарда тек бастауыш сынып оқушыларына ғана сабақ тоқтатылады. Жағдайды бақылауда ұстаудамыз".
"Казгидромет" РМК филиалының хабарлауынша, Таразда және Жамбыл облысында аяз 26-30 қаңтар аралығында күшейе түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу