Жамбыл облысы мен Оңтүстік Корея дәрігерлері өзара тәжірибе алмасуда

663

Оңтүстік Корея дәрігерлері өз елдеріндегі жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан,  күзде қайталануы мүмкін пандемияның екінші толқынына дайын екендіктерін жеткізді.

Жамбыл облысы мен Оңтүстік Корея дәрігерлері өзара тәжірибе алмасуда

Жамбылдық дәрігерлер онлайн семинар аясында Оңтүстік Кореядағы әріптестерімен коронавирустық инфекцияның алдын алу және онымен күресу шараларын талқылады. Шетелдік дәрігерлер тәжірибелерімен бөлісіп, пандемияның екінші толқынына дайындық барыстары туралы айтып берді.

Дәрігерлердің "кездесуі" Zoom платформасында өтті. Конференцияға облыс орталығы мен аудан дәрігерлері де қатысты.

Оңтүстік Корея сарапшылары қазір өз елдерінде коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақтанғандығын жеткізді. Ел азаматтарының арасында жаңа жағдайлар тіркелмеуде. Оған медицина қызметкерлерінің нақты және үйлесімді іс-әрекеттерінің, сондай-ақ азаматтардың түсіністігінің арқасында қол жеткізілген. Онда барлық жерде қорғаныш маскасын кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау әркім үшін маңызды қағидаға айналған. Дәрігерлер өз кезегінде симптомсыз науқастарды, COVID-19 жеңіл түрімен және инфекцияның ауыр түрімен ауыратын науқастарға бөліп, оларды әртүрлі стационарларда емдеген.

Сонымен қатар, оңтүстіккореялық дәрігерлердің айтуынша, аурудың ерте диагностикасы жақсы нәтиже берген. Дәрігерлер өзін нашар сезінгендердің барлығынан коронавирусқа тест алған.

Жамбылдық дәрігерлер әріптестерін қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар жолдады. Мысалы, облыстық қан орталығының өкілдерін Оңтүстік Кореядағы коронавируспен ауырып жазылған адамдардың иммундық плазма донорлығының қолданысы қызықтырды. Мамандар бұл әдіс КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеу кешенінде белсенді қолданылатынын айтты.

Сондай-ақ, Оңтүстік Корея дәрігерлері өз елдеріндегі жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, олар күзде күтілетін пандемияның екінші толқынына дайын екендіктерін тілге тиек етті. Ол үшін оларда қосымша ауруханалар ашылып, дәрігерлер даярлықтан өтуде.

Тиімді семинар соңында екі елдің дәрігерлері мазмұнды ой-пікірлері үшін бір-бірлеріне алғыс айтып, бұл семинар коронавирусқа қарсы күрестегі берік ынтымақтастықтың бастауы болатынына сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу