Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Арманбек Баймурзин тағайындалды

1412

Жаңа ПД бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Арманбек Баймурзин тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Арманбек Баймурзин Арманбек тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ға сілтеме жасап.

Арманбек Хакимбекұлы Баймурзин 1974 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады.

2004-2012 жылдары ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің басқарушылық лауазымдарында қызмет етті.

Әр жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы, 2019 жылдың қазанынан бастап осы уақытқа дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу