Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі пара алмақ болғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
29 наурыз күні бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті қызметкерлерімен Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д. Әбдіхалық және бұрын сотты болған А. Өтешбаев ұсталды.
Д.Әбдіхалық 1,2 млн теңге мөлшеріндегі параны А. Өтешбаев арқылы алуға оқталғаны үшін күдікті.
Ақшалай қаражат Тараз қаласындағы ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру (қоныс колониясы) мәселесін шешу үшін берілмек болған.
Қазіргі таңда екеуі де ұсталып, Тараз қаласындағы ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.