Жамбыл облысы Саудияға қой экспорттамақшы

955

Жамбыл облысы Саудияға қой экспорттамақшы

Араб елі Жамбыл облысынан жылына 100 мың басқа дейін меринос, ақ қой мен қазақи қойларды сатып алады, деп хабарлайды 24.kz.

Ол үшін Сауд Арабиясының компаниясы, Қазақстан Республикасы консулдығының өкілдері және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ортақ келісімге қол қойды. Сатып алушы тараптың шарты бойынша, тірідей тасымалданатын жануарлар сырғаланбаған, таңба басылып, ен салынбаған болуы керек. Ал жастары 4-6 айлық, салмағы 20 келіден аспауға тиіс.

Айта кету керек, Меккеге қажылық кезінде Сауд Арабиясы 12 миллион басқа дейін мал импорттайды.

"Бізде қой өсіретін шаруашылықтар көп. Соның ішінде Шәушен, ММ, Байнұр, Бөрілі деген шаруашылықтар бар, қазіргі таңда солармен келісім жүргізіліп, 2 мың бас малды дайындап отырмыз сол талаптарға сай", – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Балжан Ысқақова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу