Жамбыл облысы тауларындағы өрт сөндіріліп жатыр

598

Зардап шеккендер жоқ. 

Жамбыл облысы тауларындағы өрт сөндіріліп жатыр Фото: ҚР ТЖМ

Жамбыл облысында "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" аумағындағы таулы аймақта өрт сөндіріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ аумағында таулы аймақтағы құрғақ шөп өрті сөндірілуде. Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды. Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, елдімекендерге келер қауіп жоқ. Ешкім зардап шекпеген.

ТЖМ тікұшақпен аэровизуалды тексеру жүргізіп жатыр.

Сөндіру жұмыстары басталғалы әуеден 19,5 тонна су шашылды.

Өрт сөндіруге барлығы 270 адам, 36 бірлік техника мен авиация жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу