Жамбыл облысы тұрғындарының орташа жалақысы қандай?

167

Аймақта жыл басынан бері 42 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. 

Жамбыл облысы тұрғындарының орташа жалақысы қандай? Фото: orda.kz

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыс бойынша 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылған, оның 42 мыңы – тұрақты орындар. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 47 063 жұмыс орны қамтылды. Оның 2,2 мыңы – мүгедек жандар. 

"Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрайды. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 8,5%-ға артып, 279 мың теңгені құрады. 35,4 мың азаматтық қызметшілердің жалақысын 26%-ға арттыруға 26,8 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді.  2025 жылы 68 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның 42 мыңы тұрақты",-деді өңір басшысы. 

Ербол Қарашөкеев биыл аймақта шағын және орта бизнесті дамытуға 16,6 млрд теңге бағытталғанын айтты. Бұдан басқа 31 млрд теңгеге 1152 жоба қаржыландырылған. Бизнесті дамытуға облыстың қаржы институттарымен 38,6 мың кәсіпкерге 154 млрд теңге несие берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу