Жамбыл облысы тұрғынынан 12 келіге жуық гашиш тәркіленді

442

Бұл туралы ІІМ ақпарат агенттігі хабарлады. 

Жамбыл облысы тұрғынынан 12 келіге жуық гашиш тәркіленді Фото: google

Қарағанды қалалық ПБ-ға қала орталығында белгісіз бір азаматта аса ірі көлемде есірткі затының сақталып тұрғаны туралы ақпарат түсті.

Жүргізілген кешенді операция барысында есірткі сақтады деген күдікпен 32 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Оның тұрғылықты жеріне тексеріс жұмыстары барысында жалпы салмағы 11 кг 865 гр қорапқа салынған есірткі заты тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат гашиш  екені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті УҰИ-на қамалды,-деп хабарлады Қарағанды Қалалық ПБ-ның бастығы Шахназар Салин.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу