Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінен 441 МВт өндіреді

283

2025 жылға қарай мұнда жалпы қуаты 120 МВт болатын тағы екі жаңартылатын энергия нысанын пайдалануға беру жоспарланып жатыр. 

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінен 441 МВт өндіреді Фото: inbusiness.kz

Жаңа жобалар туралы Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Жамбыл облысының тұрғындары алдында өткен есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өз сөзінде вице-министр қазір облыста қуаттылығы 251 МВт-тан асатын 5 күн электр станциясы, қуаты 176 МВт 9 жел электр станциясы және қуаты 15 МВт 5 су электр станциясы жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Бұл облыс көрсеткіштің қуаты бойынша Қазақстанда көш бастап тұр.

Газдандыру деңгейі бойынша, Жамбыл облысы да республика бойынша алдыңғы қатарда тұр және 90,2% немесе 1,1 млн адам табиғи газға қол жеткізе алады. Сонымен қатар, 2024 жылға 5 жобаны жүзеге асыруға 3,3 млрд теңге қарастырылған және оның 600 млн теңгесі Мойынқұм ауданының 9 елді мекенін газдандыруды бастауға арналған. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 39 мыңға жуық тұрғыны бар 14 елді мекен табиғи газға қол жеткізе алады.

Сондай-ақ, Әлібек Жамауов Жамбыл облысына іс-сапары барысында "ТаразЭнергоЦентр" АҚ ЖЭО-4 және "Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-де" болып, өңірдегі жылыту маусымының өтуімен танысты. Осы энергия кәсіпорындары басшылығының ақпараты бойынша, облыста жылыту маусымы тұрақты режимде өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу