Жамбыл облысында 2 жасар бала пойыз астына түсіп, көз жұмды

914

Қайғылы оқиға 4 наурызда болған.

Жамбыл облысында 2 жасар бала пойыз астына түсіп, көз жұмды

Жамбыл облысында теміржолға маңында тұратын отбасының 2 жасар баласын пойыз қағып кетті. Оқиға баланың ересектердің қарауынсыз қалған кезде орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға 4 наурызда кешкі сағат 17:52-де болған.

"Жамбыл облысы Малдыбай стансасында 2 жасар бала теміржол бойында ересектердің қарауынсыз жүрген. Салдарынан жүріп бара жатқан пойыздың астына түсты", – деп жазылған хабарламада.

ҚТЖ көз жұмған баланың жақындарына көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу