Жамбыл облысын су басты

231

Жамбыл облысы Сарысу ауданында қатты жауын-шашыннан көлбеу ағындар пайда болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жамбыл облысын су басты Фото: stan.kz

Жаңатас қаласының 13 көшесінде барлығы 47 үй, 1 әлеуметтік нысан мен 400 аула аумағын су астында қалды.

"Оқиға кеше 7 шілде сағат 17:20-да шамасында болған. Ауа райы қолайсыздығынан аудандық маңызы бар Жанатас-Саудакент автожолы жабылды. Су айдау және жол төсемінің топырағын арнайы техникамен көтеру, халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар және полиция департаментінен 231 адам, 53 техника жұмылдырылған 24 мотопомпа мен дрон пайдаланылуда. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді", – делінген облыстық ТЖД хабарламасында. 

Құрбандар мен зардап шеккендер, мал шығыны жоқ.

Халықты қабылдау үшін М.Әуезов мектебінде 45 орын және орталық ауруханада 60 орын дайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу