Жамбыл облысына дәрі-дәрмектердің үлкен партиясы жеткізілді

1150

Препараттар облыстық ауруханаларға үлестірілген.

Жамбыл облысына дәрі-дәрмектердің үлкен партиясы жеткізілді

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы "СК-Фармация" ЖШС-нің өңірдегі өкілдігімен бірлесіп, жетіспеушілігі туындап отырған дәрі-дәрмектер бойынша өтінім жіберген. Нәтижесінде, 9-11 шілде аралығында 98 миллион 383 мың теңгеге дәрі-дәрмектің ауқымды партиясы жеткізілді, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов атап өткендей, препараттар облыстық ауруханаларға үлестірілген. Қазіргі таңда дәрі-дәрмектер аудандық медициналық мекемелерге жіберілуде.

Жеткізілген дәрі-дәрмектердің қатарында антибиотиктер (1300 ампула), антикоагулянттар (2585 ампула), витаминдер (45,170 ампула), дексаметазон (1850 ампула) бар.

"Бұдан бөлек, бірер күнде дәрі-дәрмектердің жаңа жеткізілімі күтіліп отырғанын айтқым келеді. Біз 700 миллион теңгеге қосымша өтініш жібердік",– дейді Марат Жұманқұлов.

Оның айтуынша, дәрі-дәрмектер дәріханаларға да жеткізілмек.

"Ірі дәрі-дәрмек жеткізушілерімен тауарларды уақтылы жеткізіп отыру бойынша келісімшарттар жасалған. Мәселен, бүгінде "Әмір және Д" дәріханаларына 100 миллион теңгеден астам қаржыға дәрі-дәрмектер әкелінген", – деді М. Жұманқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу