Жамбыл облысына Нұржігітов Нұржан әкім болып тағайындалды

1630

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Жамбыл облысына Нұржігітов Нұржан әкім болып тағайындалды

Президент Нұржан Нұржігітовті тағайындау туралы тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – деп жазылған құжатта.

Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған, білімі жоғары.

1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын "Инженер-механик", 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін "Экономика" мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы М. Горький атындағы колхозында механик болып бастаған. Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың тамызынан Байзақ ауданының әкімі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу