Жамбыл облысына Түркиядан гуманитарлық жүк жетті

643

"Tek-imas" компаниясы Жамбыл облысына бес оттегі концентраторын жіберді.

Жамбыл облысына Түркиядан гуманитарлық жүк жетті

COVID-19 коронавирус пандемиясының таралуына қарсы күрес шаралары аясында Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар Түрік инвесторы гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, "Tek-imas" компаниясы Жамбыл облысына бес оттегі концентраторын жіберді. Құрылғылар Тараз қаласындағы көпсалалы клиникалық аурухананың пульмонология бөліміне жеткізілді.

Оттегі терапиясы кезінде қолданылатын оттегі концентраторлары коронавирустық инфекциямен және пневмониямен ауырып жатқан науқастарға уақтылы көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ, "Orhun Medical" және "Yildiz Holding" түрік инвесторлары пандемиямен күресте алдыңғы қатардағы жамбылдық медицина қызметкерлеріне 450 қорғаныс киімдерінің жиынтықтарын (қорғаныс жамылғылары, қолғаптар, маскалар, қалқандар және т.б.) жіберді.  Гуманитарлық көмек партиясы өңірге келесі аптада жетеді. Гуманитарлық көмек "Air Astana" ұлттық әуетасымалдаушысының тікелей қолдауымен Қазақстанға жеткізілмек.

Шұғыл гуманитарлық көмегі үшін Тараз қаласының қалалық көп бейінді клиникалық ауруханасының басшылығы түрік тарапына және Қазақстанның Түркиядағы елшілігіне шын жүректен ризашылығын білдіреді. Бұл көмек Түркия мен Қазақстан халықтары арасындағы достық пен сенімділіктің дәлелі.

"Жамбылдық дәрігерлер бауырлас халықтың көмегін ризашылықпен қабылдап, мұны COVID-19 аурымен күрес кезінде ынтымақтастықтың айқын көрінісі деп санайды. Көмек тек шетелден ғана емес, сонымен қатар жергілікті ұйымдардан да, жанашыр тұлғалардан да келуде", – деді Тараз қалалық көп бейінді клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Ордабеков.

Азаматтар осынау қиын міндетті атқарып жатқан денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне барынша көмектесуге тырысуда.

Дәрігерлер "Эскулап" емдеу орталығының директоры Олег Ратниковқа NewPort HT-70 тыныс алу аппаратын тарту еткені үшін алғыс білдіреді.

Сондай-ақ, Тараз қалалық көпбейінді клиникалық ауруханасының реанимация және пульмонология бөлімінің дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері кәсіпкерлер Ақылбек Садырбаев пен Бахром Муминовқа ыстық түскі ас жеткізгені үшін алғыс айтады.

Сондай-ақ, айта кету керек, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау басқармасы қазіргі таңда қосымша төсек дайындап, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар сатып алуда.

Бүгінде облыстың медициналық мекемелерінде 70 оттегі концентраторы бар. Бірер күн бұрын демеушілер есебінен қосымша 11, ал жергілікті бюджеттен тағы 4 оттегі концентраторы сатып алынды.

Облыстың медициналық мекемелерінде барлығы 146 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты бар. Жақында жергілікті және республикалық бюджет есебінен сатып алынған 62 ӨЖЖ аппараты жеткізіледі деп күтілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу