Жамбыл облысына заңсыз темекі кіргізбек болғандарға тосқауыл қойылды

716

Контрабандалық тауардың жалпы бағалау құны, шамамен 25 миллион теңге. 

Жамбыл облысына заңсыз темекі кіргізбек болғандарға тосқауыл қойылды Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері "Кеңес" шекара бөлімшесінің аумағында 43 000 қорап темекі өнімін Қазақстанға заңсыз алып өткізу әрекетіне тосқауыл қойды.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, анықталған тауар процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу