Жамбыл облысынан 848 млн доллардың өнімі экспортталды

1195

Жамбыл облысынан 848 млн доллардың өнімі экспортталды

2016 жылғы 9 айдағы экспорт 848 млн 279мың АҚШ долларын, сауда айналымының жалпы көлеміне шаққанда 73,3%, жалпы салмағы 1 млн.93 мың 99 тоннаны құрады, деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Өмірзақов.

Ерлан Ролланұлының ақпаратына сүйенсек, 2016 жылғы 9 айдағы Сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 156 млн. 576 мың АҚШ долларын құраған.

2016 жылғы 9 айда Департаменттің Сыртқы сауда айналымы 2015 жылғы кезеңімен салыстырғанда 309 млн. 642 мың АҚШ долларына немесе - 21% төмендеді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының жалпы көлеміне шаққандағы Сыртқы сауда айналымының үлесі 3,3% құрады.

2016 жылғы 9 айдағы экспорт 848 млн 279мың АҚШ долларын, сауда айналымының жалпы көлеміне шаққанда 73,3%, жалпы салмағы 1 млн.93 мың 99 тоннаны құрады.2016 жылғы 9 айдағы импорт 308 млн 297 мың АҚШ долларын, сауда айналымының жалпы көлеміне шаққанда 26,7%, жалпы салмағы 363 мың 954 тоннаны құрады.

2016 жылғы 9 айдағы кедендік транзит кеден рәсімі бойынша ресімделген тауарлардың көлемі 5 мың 130 тоннаны құрады.

Импорттың негізгі тауар құрылымы есепті кезеңде келесідей болды:2016 жылғы Импорт: азық-түлік тауарлары 40,6% (олардың ішінде 89% шикі қамысты қант), машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аппараттар 28,1%, тоқыма мен тоқыма өнімдері 4,1%, химиялық өнеркәсіп өнімі 3,6%, аяқ киім 2,9%.

2016 жылғы Экспорт:химиялық өнеркәсіп өнімі 94,6%, минералдық өнім 3,6%, металдар мен олардан жасалған өнімдер 0,8%, азық-түлік тауарлар 0,6%,машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, аппараттар 0,4%, былғары шикізаты 0,1% құраған, -  деп хабарлады МКД - ның басшы орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу