Жамбыл облысынан Арысқа 60 тонна құрылыс материалдары жөнелтілді

1326

Жамбыл облысынан Арыс қаласына гуманитарлық көмектің алғашқы легі жіберілді. 

Жамбыл облысынан Арысқа 60 тонна құрылыс материалдары жөнелтілді

"Жас Отан" жастар қанаты төрағасы Уәли Болатбектің хабарлауынша, қазірге дейін жалпы құны 8 млн теңгеден асатын 40 тонна азық-түлік тиеліп, 60 тонна құрылыс материалдары жөнелтілген.

Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету мақсатында арнайы 4 бригада жолға шығып, 2,2 млн теңге қаражат көлемінде қажетті дәрі-дәрмек бөлініпті.

Облыста көмек көрсету шаралары жалғасын табады. Алдағы уақытта тағы 180 тоннадан астам гуманитарлық көмек жолданбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу