Дипломда GPA 3,33-тен жоғары нәтиже көрсеткен түлектерді байқаудан тыс жұмысқа қабылдау тәжірибесі жүзеге асырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл жоба – білім саласына ынталы жастарды тартуға бағытталған қадамдардың бірі.
Бүгінде осы бастама аясында Жамбыл облысында 105 жас педагог конкурссыз жұмысқа қабылданып, еңбек жолын бастап кетті. Жоба аясында жас мамандар мектеп ұжымына жылдам бейімделіп, оқу-тәрбие процесіне белсенді араласуда. Олардың қатарында өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жаңашылдыққа ұмтылатын, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен ұстаздар бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу