Жамбыл облысында 100 га аумақта қураған шөп өртенді

909

Жамбыл облысында 100 га аумақта қураған шөп өртенді

Жамбыл облысында 100 га аумақта қураған шөп өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше оқиға кеше, 4 мамыр күні шамамен 14 сағат 57 минут кезінде болған. Өртенген аумақ Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесіне ("Белқұдық-Қарамату" бөлігі) тиесілі. Мұнда қураған шөп пен бұталар өртенген. Жалын шарпыған аумақ алдын ала мәліметтер бойынша 100 гектарды құрап отыр.

Өрт сөндіруге Байзақ ауданындағы орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің 16 техникасы мен 50 жұмысшысы, сондай-ақ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Әзірге өрттің сөндірілгені жөнінде ақпарат түспеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу