Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 11 нұсқама беріліпті.
"108 тапсырыс беруші, 10 мердігер мекеме, 2 жобалаушы, 19 техникалық (оның ішінде 11 техникалық қадағалаушылардың аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды) және 9 авторлық қадағалаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған басқарма есебінде.
Бүгінгі күні Тараз қаласы және аудандарда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.
"2021 жылдың бүгінгі күніне дейін облыс бойынша 112 нысанға мониторинг жүргізілді. Мониторинг аясында анықталған кемшіліктер бойынша облыс әкімінің орынбасарына қызметтік хат енгізіліп, оларды жою бойынша тапсырыс берушіге және мердігерлерге ескертілді. Егерде анықталған кемшіліктер жойылмаса тапсырыс берушіден басқармаға шара көру үшін жолданған жағдайда, Басқарма тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, нұсқама берілетін болады. Заңсыз, негізгі құжаттарсыз және сапасыз құрылыстардың алдын алу, болдырмау бойынша іс- шаралар жоспарының орындалуы барысында мемлекеттік мекемелерден барлығы 79 хат келіп түсіп, тиісті шаралар қолданылуда", – дейді басқармадан.