Жамбыл облысында өнеркәсіптік өнім көлемі 162,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы өңір басшысы Кәрім Көкрекбаев облыстық мәслихат депутаттарының алдында ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша берген есебінде айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, өнеркәсіп өсімі тау-кен өнеркәсібі саласындағы карьерлерді өңдеу көлемі есебінен қамтамасыз етілді. Мембюджетке 37 млрд теңгеден астам салық пен міндетті төлем құйылды. Жергілікті бюджетке түсім 21,6 пайызға көбейді.
Сондай-ақ, индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста 515 млрд теңгеге 34 инвестжоба жүзеге асырылып жатыр. Оған 5 мың жұмыс орны ашылады.
Ағымдағы жылы 15,4 млрд теңгенің 12 инвестжобасын жүзеге асыру көзделген. Ол 1400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 7,3 млрд теңгенің 5 инвестжобасы жүзеге асырылды.
Екінші жарты жылдықта 7 млрд теңгеге 7 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде.
Облыс әкімі айтып өткендей, жанармай-энергетикалық кешен нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын үзгі-қысқы мерзімге дайындау жүзеге асырылады.