Жамбыл облысында 120 мың адам кәсіпкерлікпен айналысады

804

Жамбыл облысында 120 мың адам кәсіпкерлікпен айналысады

Жамбыл облысында 2016 жылдың 10 айында өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өнім көлемі артқан, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі – 34,9 пайызға, жеңіл өнеркәсіпте – 64,0 пайызға, мұнай өнімдерінөндіруде 39,1 пайызға, басқа металл емес минералды өнімнің өндірісінде 1,6 пайызға, металлургия өнеркәсібінде 52,8 пайызға артқан.

Облыс экономикасындағы басым бағыттардың біріне шағын және орта бизнесті дамыту жатады. Бүгінгі таңда облыс аумағында 58146 орта және шағын кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді (4288 – шағын бизнестағы заңды тұлғалар, 55 – орта кәсіпорындар, 38058 – жеке кәсіпкерлер, 15745 – шаруа қожалықтары).

Орта және шағын кәсіпкерлік саласында 120,8 мың адам немесе облысымыздың экономикалық белсенді тұрғындарының 24 пайызы жұмыс істейді. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 130,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 96,3% құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу