Жамбыл облысында этил спиртін заңсыз өндірген қылмыстық топтың басшысы қамалды

188

Махмадов 2010 жылы дәл осындай қылмыс үшін сотталған.

Жамбыл облысында этил спиртін заңсыз өндірген қылмыстық топтың басшысы қамалды Фото: Видеодан скриншот

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті "БМ" ЖШС мен онымен байланысы бар өзге де компаниялар басшылығына қатысты қылмыстық топ құрып, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тергеу дерегіне сай, Махмадов Сұлтанның басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топ міндетті лицензиясыз Жамбыл облысы аумағында акцизделетін өнім – этил спиртін жаппай өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу қызметін жүргізген.

Заңсыз әрекетті жасыру мақсатында күдіктілер өз жұмысын биоэтанол мен мал азығына арналған қоспаларды заңды түрде өндіру ретінде көрсеткен. 

Алайда іс жүзінде серіктестік аумағында өнеркәсіптік көлемде этил спиртін өндіруге толық жабдықталған жасырын спирт зауыты ұйымдастырылған", – делінген ақпаратта.

Этил спиртін жеткізудің тұрақты арнасы жолға қойылып, ол Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында орналасқан жасырын цехтарға жөнелтіліп отырған.

Бұл цехтарда жеткізілген спирттен тұрғындардың денсаулығына елеулі қауіп төндіретін суррогат алкоголь өнімдері дайындалған.

"Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде көлеңкелі айналымнан құны 280 млн теңгеден асатын 122 мың литр этил спирті тәркіленді. Сонымен қатар, өндірістік база аумағында жүргізілген тінту барысында 18 дана майнинг жабдығы анықталды", – делінген жазбада.

Қазіргі уақытта тәркілеу мақсатында 7 автокөлікке тыйым салынды.

Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу