Жамбыл облысында 125 ауылдық елдімекенде интернет жоқ

1272

"Қазақтелеком" АҚ ұлттық байланыс операторының өкілі мұндай қысқа уақытта  бұл мәселені шешуге қатысты сауалға нақты жауап бере алмады.

Жамбыл облысында 125 ауылдық елдімекенде интернет жоқ

6 сәуірден бастап еліміздегі мектептер қашықтықтан білім беруге көшеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Жамбыл облысы оқу орындарының бұл бағыттағы дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Жуырда Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі жергілікті мектептердің біріне бас сұғып, бірқатар жайтқа қанықты. Ондағы тозығы жеткен парталар мен тақаталарда балалардың әлі күнге сабақ оқып жатқанын ескерсек, жоғары жылдамдықты интернет туралы айтудың өзі ұят.

"Таразға жақын орналасқан аудандардағы мектеп осындай болса, онда шалғай аумақтар туралы не айтуға болады? Мемлекет басшысының қашықтықтан оқытуға көшу туралы тапсырмасын қалай іске асырамыз?" – деді аймақ басшысы кеңес барысында аудан әкімдерінің жұмысын сынға алып.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, өңірдің білім сапасы жұмыстар сын көтермейді, ал қашықтықтан оқытуды енгізгеннен кейін ол тіпті төмен деңгейге құлдырап кету қаупі бар.

Талдау көрсеткендей, көптеген аудан мектептерінде компьютерлер мен моноблок жетіспейді, ал 125 ауылдық елдімекен интернетпен қамтамасыз етілмеген. "Қазақтелеком" АҚ ұлттық байланыс операторының өкілі мұндай қысқа уақытта  бұл мәселені шешуге қатысты сауалға нақты жауап бере алмады.

Аймақ басшысы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмилә Бекбатыроваға барлық мектептерді қашықтықтан оқытуға дайындық тұрғысынан тексеру, оқушылардың үй жағдайында білім алу мүмкіндіктерін анықтау туралы нақты тапсырмалар жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу