Жамбыл облысында 13 инвестициалық жоба іске асуда

1173

Өңір әкімі есеп берді.

Жамбыл облысында 13 инвестициалық жоба іске асуда

Жамбыл облысында құны 1 млрд доллар болатын 13 инвестициалық жоба іске асуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов баяндады, деп хабарлайды ortcom.kz.

Облыс басшысы "Қарапайым заттар экономикасын" дамыту бойынша жылдың басында қабылданған облыстық кәсіпкерлікті қолдау картасына өзгерістер енгізілуде екенін хабарлады.

Іске асырылатын жобалардың ішінде экспортқа бағытталған Казфосфаттың аммофос өндірісінің көлемін көбейту жобасын атап өтуге болады. (2018 жыл 9 айында  24,4 млрд теңгеге 125,1 мың тонна өнім өндірілген, 8 айда экспорт көлемі - 1,2 мың тонна - 117,7 млн теңге)

Шикізаттық емес секторда жобаларды іске асыру үшін "Инвесторларға қызмет көрсету орталығының" жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ағылшын, қытай, түрік, корей тілдерін білетін жастар жұмысқа алынды.

"Бүгінде бұл салаға салынған инвестициялар  100 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға артқан (75,1 млрд тг.). Ал, инвестициялардың ай сайын өсуінің оң үрдісі жеке меншік капиталының 30%-ға (68,8 млрд. теңгеден 92,2 млрд теңгеге өсуі) өсуімен байланысты. Қазіргі таңда облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда", - деді Асқар Исабекұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу