Жамбыл облысында 13 жыл бойы іздеуде болған қылмыскер ұсталды

136

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жамбыл облысында 13 жыл бойы іздеуде болған қылмыскер ұсталды Фото: ҚР ІІМ

13 жылдан астам уақыт бойы жасырынған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2011 жылы Арқалық маңында бір тоннадан астам марихуана тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды. Операция барысында сегіз адам қамауға алынды, бірақ күдіктілердің бірі жасырынып үлгерген. 

2024 жылдың қараша айында ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлеріне іздеуде жүрген адамның Жамбыл облысының ауылдарының бірінде екендігі туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Жүргізілген жедел–іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу