Жамбыл облысында 14 жаңа мектеп салынады

801

Барлық мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтылады.

Жамбыл облысында 14 жаңа мектеп салынады

Биыл Жамбыл облысында 14 жаңа мектеп салынып, 3 орын тапшылығы бар, 1 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесін шешу жоспарлануда. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаев халықпен есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ әкім 285 мектептің жылы санитарлық жүйемен жабдықталатынын айтты. Нәтижесінде бұл мәселе облыс мектептерінің 100 пайызында шешілмек, барлық мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтылады.

Ал денсаулық сақтау саласында 18 жедел жәрдем көлігін сатып алу, медициналық жабдықтау деңгейін 92 пайызға жеткізу, МӘМС енгізу бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, биыл өңірде 91 спорт алаңшасы салынады деп күтілуде. 1200-ден астам жасқа грант беріліп, жеңіл атлетикалық және гимнастикалық манеждерінің құрылысы басталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу