9 қарашада Меркі ауданының полиция бөліміне аудандық орталық ауруханадан Тескентоған ауылының 14 жасар тұрғыны пневматикалық қарудан атылған оқтың салдарынан қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаза болған бала өзінің досымен бірге ата-анасының рұқсатынсыз қаруды алып, далада құс атып жүрген кезінде оқ жарақатын алғанын анықтады.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау және объективті зерттеу мақсатында тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеп-тексерудің басқа деректері жариялануға жатпайды.