Жамбыл облысында 149 қызметтік автокөлік зақымдалған

1382

Бүлік кезінде Тараз қаласындағы 6 мемлекеттік ғимарат қираған, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 149 қызметтік автокөлік зақымдалған

Облыс әкімінің аппараты, "Nur Otan" партиясының облыстық филиалы, полиция департаменті, қалалық 3 полиция бөлімінің нысандары бүлінген. Сондай-ақ Шу ауданындағы "Nur Otan" партия филиалы да қираған.

Бұдан бөлек 149 қызметтік автокөлік зақымдалып, 4 бизнес нысанына шығын келген.

Шығын мөлшерін есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды. Алдын-ала есептеулер бойынша жалпы облысқа келген шығын көлемі шамамен 7,6 млрд теңгені құрайды.

Аймақ басшысы нысандардың қалпына келтіру жұмыстарын жедел әрі сапалы жүргізіп, барлық құрылыстарды ақпан айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Жауапты тұлғаларға жұмыс барысын бақылауда ұстауды, жұмысшылардың төтенше жағдай және коменданттық сағат кезінде жүріп-тұруын қамтамасыз етуді жүктеді.

Бүгінгі күні зардап шеккен әкімшілік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 35 арнайы техника, 680 жұмысшы тартылған. Жұмыстар биылғы жылдың мамыр айының соңына дейін толығымен аяқталады деп көзделуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу