Жамбыл облысында 16 азамат құтқарылды

302

Құтқарылған адамдардың барлығы медициналық көмекті қажет етпеді. 

Жамбыл облысында 16 азамат құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ

Ауа-райына байланысты, халықтың назарына жеткізілген ескертулерге қарамастан, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері түрлі жағдайларда көмекке жүгінген 16 адамды құтқарды.

11 желтоқсан күні сағат 21:59-да "112" нөміріне Жуалы ауданындағы Күйік асуы маңында  автокөлікке мінген 3 ер адам адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.  Іздеу жұмыстарына Жамбыл облысы ТЖД Жуалы және Жамбыл аудандарының Төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сағат 22: 40-та жоғалған азаматтар дін аман табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді. Жоғалып табылған азаматтар өз кезегінде құтқарушылардың кәсіби шеберліктері үшін алғыс білдірді.

12 желтоқсанда сағат 00:04-те Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылының маңында шопан кісіні іздеуге шығып, адасып кеткен ер адамдар мен әйел адамдарды іздеуге көмек қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен жол талғамайтын "ТРЭКОЛ" көлігінің көмегімен осы азаматтар түнгі сағат 02:50-де табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Сағат 00: 24-те Шу ауданы, Көлқайнар ауылының маңында жоғалған шопанды іздеуге көмек қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Ер адамды іздеуге Шу ауданының ТЖ бөлімінің күштері, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жедел аттанды. Қызметкерлердің шұғыл әрекеттерінің арқасында ер адам сағат 02:56-да табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Сағат 00: 28-де Тараз қаласынан 30 шақырым қашықтықта ер адам мен әйелден көмек сұрап қоңырау келіп түсті. Олар көлігімен фазендаға қарай бет алған. Көлік қар құрсауында қалып қойғандықтан, олар көліктерін тастап,  жаяу жүруге шешім қабылдаған. Бірақ адасып кеткен. Жедел-құтқару құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына шығып, сағат 02:15-те адасқан адамдарды тапты. Олар да медициналық көмекті қажет етпеді.

Сағат 04:54-те Меркі ауданы маңындағы Алматы-Ташкент тас жолының бойында қалған 3 автокөлікке көмек құтқарушылардың көмегі қажеттігі туралы хабарлама түсті. Көліктің салонында 8 адам бар. Оқиға орнына Меркі ауданының №9 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жедел барды.  Құтқарушылар азаматтарды жақын маңдағы елді мекенге жеткізді.

"Құрметті азаматтар, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Ең басты және сенімді ереже –- нашар көріну және көктайғақ кезде жолға шығудан бас тарту қажет екендігін еске саламыз. Егер, сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмаған жағдайда, нашар көріну жағдайында қауіпсіз жүрудің негізгі кепілі жылдамдық режимін төмендету екенін есте ұстаған жөн", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу