Соңғы мәлімет бойынша Жамбыл облысының инфекциялық стационарларына барлығы 3 634 төсек орын қарастырылған, оның ішінде 1 976 кереует толтырылған, бұл - 54 пайыз.
"Қазіргі таңда жансақтау бөлімдерінде 179 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте КВИ-дың 219, пневмонияның 37 жағдайы тіркелді. Бүгінге дейін ауруханадан барлығы – 11 713 азамат сауығып шықты. Карантиндік стационарларға 23 тұлға орналастырылған. 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу