Жамбыл облысында 2,7 млн теңгеден астам есірткі тәркіленді

243

Полиция 29 жастағы шетел азаматын ұстап, синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі.  

Жамбыл облысында 2,7 млн теңгеден астам есірткі тәркіленді Фото: gov.kz

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеке тінту кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 10 түйіншек табылып, тәркіленді. Сонымен қатар жақын маңнан дәл осындай тағы 18 түйіншек анықталған.

Кейін күдіктінің уақытша тұрып жатқан мекенжайында жүргізілген тінту барысында полиция қызметкерлері өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған 109 түйіншекті тәркіледі.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат Альфа-PVP болып танылды. Жалпы салмағы 59,01 грамды құрап, қара нарықтағы құны 2,7 миллион теңгеден асатыны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам заңсыз табыс табу туралы ұсынысты Telegram мессенджері арқылы алған. Ол есірткіні Алматы қаласынан алып, Тараз қаласы аумағында таратуды жоспарлаған. Алайда оның әрекеті полицияның жедел жұмысы нәтижесінде дер кезінде тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу