Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz
"23 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері "Аухатты" автомобильдік өткізу пунктінде республика аумағына жүктер арасында жасырылған 5500 дана "Oris" және "BOND" маркалы темекілерін заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті. Тауар құны шамамен 2 800 000 теңгені құрайды", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, анықталған тауар Қордай аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу