Жамбыл облысында 200-ден астам адам қаржы пирамидасына алданған

490

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысында 200-ден астам адам қаржы пирамидасына алданған Фото: canva.com

Жәбірленушілердің арыздары бойынша қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 3 қылмыстық іс тіркеліп, жәбірленушілерге 45 миллион теңге өндіріп берілген. 

Облыста жұмысы тоқтаған қаржы пирамидаларының бірі – "Chia Tai Tianqinq Pharmaceutical Group". Аталған пирамида ұйымдастырушысына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында сатып алынған пәтер түріндегі мүлік пен 10 миллион теңгеден астам қаражат тәркіленген.

Былтыр өңірде қаржылық пирамида белгілері бар сайттарды жою кезінде 1 013 сілтеме бұғатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу