Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы 21 елді мекенде электр қуаты өшті. Қатты соққан боран желілерді зақымдап, салдарынан үш мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалған. Жергілікті денсаулық сақтау нысандары автономды режимде жұмыс істеуге мәжбүр болған. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін ондаған маман мен үш техника жұмылдырылды, деп хабарлайды 24Хабар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу