Жамбыл облысында 3 күн иен далада адасып жүрген малшы табылды

92

Ер адамды іздеу үшін ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері де тартылған.

Жамбыл облысында 3 күн иен далада адасып жүрген малшы табылды Фото: ТЖМ

Жамбыл облысының құтқарушылары 17 қаңтар күні таңертең мал жаюға шығып, үйіне қайтып оралмаған малшыны аман-есен іздеп тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар малшыны тез арада табу үшін дрон мен кинолог мамандарды тартқан. Жалпы, ер адамды іздеу үшін ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері де тартылған.

"Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде ер адам шаруа қожалығынан 15 шақырым қашықтықта табылды. Анықталғандай, ол осы күндері далада, малдарының жанында болған", – деп хабарлайды ТЖМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу