Жамбыл облысында 3 жаңа су қоймасы салынады

773

Жаңа нысандар көрші елдерде тәуелділіктен құтқарады деген болжам бар.

Жамбыл облысында 3 жаңа су қоймасы салынады

Жамбыл облысында Қырғыз елінен келетін өзендердің суына тәуелділікті азайтуға бағытталған жобалар қолға алынып жатыр. Аймақ әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша қазір бұл өңір қырғыз елінен жыл сайын 1 млрд текше метрге дейін су алып отырған көрінеді.

"Дағдарыс кезінде ауыл шаруашылғына көңіл бөліп жатырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пайдаланбай жатқан жердің 72 мың гектарын мемлекет меншігіне жібердік. Ауыл шаруашылығының жаңа бағыттарын дамыту қолға алынуда. Ол жөнінен біз таңқурай, құлпынай, рапс, алма сияқты өнімдердің өндірісін дамыту жөнінде жобалар дайындап жатырмыз. Біздің өңірде 120-дан астам су айдыны бар. Соларды толығымен зерттедік. 22-ге жуық тау өзені бар. Сол жерлерде форель балығын өсірсек деген жоспарымыз бар.  Жалпы біздің мақсатымыз – биыл ауыл шаруашығылында шығарылатын өнімдердің көлемін 382 млрд теңгеге дейін жеткізу. Ол былтырғымен салыстырғанда 4,6 пайызға өседі. Ал еңбек өнімділігі 7 пайызға ұлғаймақ. Суармалы жерлерге келсек, сіздер білесіздер қазіргі таңда 0,8-1 млрд текше метрдей суды көрші Қырғыз мемлекетінен аламыз. Үкіметтің бағдарламасы бар. Көрші елге тәуелділіктен кету үшін 3 су қоймасының құрылысы басталайын деп жатыр. Оған қосымша екі су қоймасы күрделі жөндеуден өткізілуде", – деді әкім.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу