Мұндай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Мақсұт Нәлібаев бөлісті, деп хабарлайды zhambylnews.kz.
Мақсұт Ыбрайханұлының сөзіне сүйенсек, кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасы шеңберінде "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясында 2017 жылдың қорытыныдысы бойынша мемлекеттік қызмет мәселелерінің бағыттарына сәйкес жоспарлы және жүйелі жұмыстар жүргізілген.
Ұлт жоспарының 15-ші қадамын нақты іске асыру бойынша мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау өткізілген. Облыс бойынша аттестаттаудан барлығы 3690 қызметші өткен. Олардың 3478 немесе 94,3 пайызы атқаратын лауазымдарына сәйкес нәтижесін алған. 87 қызметші жоғарылатылып, 30 қызметшінің лауазымы төмендетілген. Ал, 6 қызметші қызметінен босатылды.